Журнал туралы

«Ақпараттық технологиялар, автоматтандыру және жаратылыстану ғылымдарын басқару» журналы «ҚазТБУ хабаршысы» журналының құқықтық мұрагері болып табылады - ISSN:2708-4132 (print); 2663-1830 (online), «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Ақпарат Комитеті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелген, тіркеу туралы куәлігі: 2025.04.11 күнгі № KZ65VPY00133495.

«Ақпараттық технологиялар, автоматтандыру және жаратылыстану ғылымдарын басқару» журналы- қос көрінбелі резенциясы бар ашық қолжетімді журнал болып табылады.

Журналдың құрылтайшысы мен баспагері «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ болып табылады.  

Журналдың мақсаты - жаңа идеяларды, инновациялық әзірлемелерді, ғылым мен техниканың проблемалық мәселелерін, сондай-ақ Industry 4.0 және Industry 5.0 жағдайында өнеркәсіп пен энергетиканы цифрлық трансформациялау үшін тәжірибеге бағытталған шешімдерді ұсыну үшін пәнаралық ғылыми платформаны қалыптастыру болып табылады.

Журналдың міндеттері - ақпараттық технологиялар, энергетика, өнеркәсіп және жаратылыстану ғылымдары саласындағы қазіргі заманғы әдістерді, цифрлық технологияларды, автоматтандыру мен басқарудың зияткерлік жүйелерін жария ету, жасанды интеллект, сандық қосарланулар, заттардың өнеркәсіптік интернетті (IIoT), киберфизикалық жүйелер, робототехника, бұлтты және таратылған есептеулер, киберқауіпсіздік саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жариялау және орнықты энергетикалық шешімдерді қарастыру болып табылады.

Журналда қамтитын зияткерлік ақпараттық жүйелерден бастап автоматтандырылған электротехникалық кешендерге дейінгі проблемалардың кең ауқымды мәселелер қарастырылады, авторлар үшін елеулі артықшылық болып табылады және зерттеулер нәтижелерінің халықаралық ғылыми кеңістікке кірігуіне ықпал етеді.

Журнал ашық ғылым (Open Science), зерттеулердің цифрлық ашықтығы, жариялау этикасының халықаралық стандарттарын пайдалану қағидаттарын қолдайды және шетелдік ғылымметриялық деректер базасында жарияланған ғылыми жұмыстарды индекстеу және дәйексөз келтіру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Жасанды интеллектті енгізуге, цифрлық қосарланған, бағдарламалық-аппараттық кешендер мен мониторинг жүйелерін құруға ерекше көңіл бөлінеді

Журнал қызметінің маңызды бағыты инновациялық өнімдерді әзірлеуге және енгізуге қабілетті жас мамандар мен кәсіби инноваторларды даярлауды қолдау болып табылады.

Журналдың тақырыптық бағыты: Aқпараттық технологиялар, математикалық модельдеу, бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютерлік желілер, ақпараттық қауіпсіздік, сандық әдістер мен бағдарламалық пакеттер, технологиялық үрдістерді автоматтандыру және басқару, сондай-ақ электр инженериясы жүйелері.

Бастапқы есепке қою күні мен нөмірі: 07.02.2014. 14139-Ж.

Журнал жылына 4 рет шығарылады

Тілдер - қазақ, орыс, ағылшын.